Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 101 Қаулысы
(2023.10.07. берілген өзгерістермен)
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 227 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының оның ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 1 тармағы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023.03.07. № 152 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2023 ж. 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 101 қаулысына
1 қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
| Аймақтың атауы | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері |
| |||||||
| Елді мекен | Тәрбиеленушілер саны | Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | |||||||